24-30 сәуір аралығында көршілес Өзбекстан елінің Самарқанд қаласында армрестлингтен жас жеткіншектер, жасөспірімдер, жастар, ересектер және ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында XХ-шы Азия чемпионаты өтті.
Аталған чемпионатқа сары құрлықтың түкпір-түкпірінен білекті де жүректі палуандар қатысып, жарыстың өз деңгейінде өтуіне атсалысты. Қазақстан құрама сапында бақ сынаған “Шардара Армспорт” клубының спортшылары бұл жолы да жеңістің биік тұғырынан көрініп, көк туымызды көкке көтеріп, әнұранымызды шырқатты.
Атап айтар болсақ, жалпы жас жеткіншектер арасында 11, жасөспірімдер арасында 17, жастар арасында 10, ересектер арасында 13, ардагерлер арасында 1 спортшымыз Азия чемпионы атанды. Осылайша, командалық есепте Қазақстан құрамасы 1 орынды абыроймен қанжығалады.
Көк туымызды көкке көтерген барша палуандарымыз бен жаттықтырушыларын жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы өтетін байрақты бәсекелерде ел намысын абыроймен қорғауларына шын жүректен тілектеспіз!
Бекжұма Матжанұлы.