Құрметті шардаралықтар!

Қадірлі тыл еңбеккерлері,   әскери қызметкерлер!

Сіздерді  Ұлы Жеңістің 77 жылдығымен және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің  30 жылдық мерекесімен  шын жүректен құттықтаймыз!

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – үлгі. Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс  күні  мерекесі  батырлардың  даңқты рухын ардақтайтын  айтулы күн. Қаншама боздақтар ұрыс даласынан қайтпай қалды.

Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыста біздің жерлестеріміз нағыз ерліктің үлгісін көрсетіп, Талғат Бигелдинов, Бауыржан Момышұлы, Рахымжан Қошқарбаев, Хиуаз, Мәншүк, Әлия сынды батырларымыздың есімдері тарих беттеріне алтын әріптермен жазылып, ұрпағына мәңгі өшпейстей із қалдырды. Ерлігі мен тарих парағында өшпес із қалдырған аға буын алдында өлшеусіз қарыздармыз. Олардың есімдері халықтың жүрегінде мәңгі сақтала беретін болады.

Тыл еңбеккерлері де майдан үшін, жеңіс үшін жанқиярлықпен еңбек етіп, жауынгерлерді қару-жарақпен, азық-түлікпен қамтып, Жеңісті жақындатуға бар күшін салды. Тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі де – осынау мерекенің жемісі.

7 мамыр – егемен еліміздің Қарулы күштерінің мерейін асқақтататын, Отан үшін отқа түскен ата-бабаларымыздың, елдің қорғаныс шебінде тұрған  азаматтарымыздың мейрамы. Бұл күннің мемлекетіміздің болашағы үшін маңыздылығы  жоғары,  себебі, әрбір қазақстандықтың ұлы да, құрметті міндеті – Отан қорғау.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің сарбаздары бұл даңқты жоғары абыроймен жалғастырып келеді

Қарулы Күштеріміздің барлық құрылымында қызмет ететін сарбаздар мен сардарлардың жауынгерлік рухы, отаншылдығы, әскери дайындығы және кәсіби машығы еліміздің қорғаныс қабілетінің жоғары болуын қамтамасыз етеді.

Құрметті    шардаралықтар!

Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен  және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің  30 жылдық мерекесімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз.

 

Аудан әкімі  Қ.Жолдыбай.

Аудандық мәслихат хатшысы    А.Қарсыбаев.