9 мамыр — Ұлы Жеңіс күніне орай, аудан әкімінің орынбасары
Б.Шомпиев аудандық ардагер кеңесінің төрағасы Т.Бердібеков, Шардара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының орынбасары майор Т.Байменов және қала тұрғындары орталық саябақтағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналып қойылған Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.
Шарада Ұлы Отан соғысында қаза тапқан майдангерлеріміздің рухына тағзым етіліп, бір минут үнсіздік жарияланды.
Отан үшін от кешкен батыр бабалардың ескерткішіне құрмет көрсетіп, гүл қоюға келген тұрғындардың қарасы көп болды.
Шара барысында аудандық мәдениет сарайының әншілері мен бишілері Отан, туған жер тақырыбында әсерлі әндер шертті, майдан даласын суреттейтін сахналық көріністер қойып, дөңгелене би билеп, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды!
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.