8 мамыр күні аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім басшысы Е.Жұманов, қала әкімі О.Айдосов және өзге де мекеме басшылары жеке радилокациялық бөлімін, аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі және Шардара шекера бөлімінің қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтап қайтты.
Жиында алғашқы болып сөз алған Б.Шомпиев: «Құрметті, ер азаматтар, бейбіт өміріміздің сақшылары! Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, қажымас қайрат, мықты ерік-жігер, ұзақ ғұмыр тілеймін. Ел халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Армиямыздың айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді кірпік қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін! Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, олардан өнеге алып өсетін жас ұрпақ Отанына адал қызмет етеді деп сенеміз» – деді.
Сондай-ақ, өзге де әскери бөлім басшылары мен ардагерлер құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар азаматтар Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.
Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласып, Отан қорғаушы азаматтарға патриоттық әндер тарту етілді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.