7 мамыр күні ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен, Шардара ауданының спортшы жастары еліміздің даңқты спортшыларымен кездесті.

Кездесуге ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының басшысы, спорт тарихшысы Қыдырбек Рысбек, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы, қазақ күресінің атасы Махмуд-Бақыт Жаңбырбаев, бокстан Әлем чемпионы Біржан Жақып, қолкүрестен әлемнің екі дүркін чемпионы Мағжан Шамиев, Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының орынбасары Айтмахаметәлі Бердашев және аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев қатысты.

Шара барысында «Кез келген спортшы биік дәрежеге жетуі үшін ең алдымен бойында тәрбие, білім, еңбекқорлық, қайсарлық және патриоттық намыс сынды ұлы қасиеттер болуы тиіс. Еліне жеріне қызмет ету адалдықтан. Бойларыңызда осындай асыл қасиеттер болса чемпионы болдым дей беріңіздер. Сонымен қатар мінезді болу да қиындыққа мойымай жеңіске жетелейтін құрал» – деді Қ.Рысбек.

Сондай-ақ, кездесуге келген даңқты спортшы ел ағалары жастарға өнегелі сөздерін жеткізіп, жеңіске жету жолындағы үлгілі істерін айтып, спортшының рухани кемелденуін сөз етті. Аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев өнегелі сөз сөйлеп, Шардараға ат басын тіреп арнайы келген спортшы ел ағаларына бүкіл аудан атынан алғыс білдіріп, дәстүрге сәйкес иықтарына оқалы шапан жапты.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.