Сәрсенбі күні қазақтың талантты лирик ақыны, жерлесіміз Әлібек Шегебай "Алаш" халықаралық әдеби сыйлығының иегері атанды.
Әлібек Шегебай «Тамшылар», «Алакеуім», «Әйнекке түскен Ай сәуле», «Ақ жауын», «Ақ қауырсын» атты жыр кітаптарының авторы.
Сонымен қатар Әлібек Шегебай бірнеше республикалық жыр мүшәйраларының бас жүлдегері. Ауданымыздың 40 жылдық мерейтойына арналған жыр додасында оза шауып, "темір тұлпар" мінгені әлі күнге дейін жадымызда.
Еңбек жолын журналистіктен бастап, Шардара ауданы әкімінің орынбасары, ОҚО Мәдениет басқармасына қарасты «Әдеп-ғұрып және салт-дәстүр орталығы» директорының орынбасары, Қазақстан Жазушылар Одағы Түркістан облыстық филиалының директоры болып қызмет атқарды. Қазіргі таңда «Қазақ радиосында» қызмет етуде.
Абайдың қара сөзін мөлдір жырымен қара өлеңге айналдырған ақынға құтты болсын айтамыз!
«Өскенөңірліктер».