Кеше аудан әкімдігінде алдағы референдумға байланысты кең көлемді жиын өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткен жиынға «Партиялық емес байқау орталығы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының директоры Бақытжан Әшірбаев, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қыстау Ілесов, учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен мүшелері, байқаушы болып бекітілген азаматтар қатысты. Жиынды аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бақытжан Таласов жүргізіп отырды.
Жиында алғаш болып сөз алған Б.Әшірбаев референдумның маңызына тоқтала келе оны өткізудің жай-жапсарына тоқталды. Байқаушылардың құқықтары мен міндеттері туралы толыққанды мағлұмат берді.
Аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қыстау Ілесов өз сөзінде бұған дейін бірнеше сайлаулар өтіп, байқаушылардың біршама тәжірибе жинақтап қалғандығын атап өтті.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бақытжан Таласов жиынға қатысушыларды ертеңгі күні өтетін референдумға түгел қатысуға, заңсыздыққа жол бермеуге шақырды.
Өз тілшімізден.