21-30 мамыр күндері аралығында Алматы қаласында пауэрлифтингтен жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты өткен болатын. Аталған байрақты бәсекеге әлемнің түкпір-түкпірінен кіл мықты спортшылар жиналып, жарыстың көрігін қыздырды.
Әлемнің мықтылары жиылған сайыстың алғашқы күнінде 53 келі салмақта сынға түскен жерлесіміз Төкен Әділет алтыннан алқа тағынып, Әлем чемпионы атанса, 59 келі салмақта сынға түскен Мыңболат Мақсат та көк байрағымызды көкте желбіретті.
Жеңіс тұғырынан көрініп, Әлем чемпионатында әнұранымызды шырқатқан қос спортшымызды және жаттықтырушысы Шардахмет Қазбекті жеңістерімен құттықтай келе, алда бұданда үлкен белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз!
Өскен өңір ақпарат.