Шардара ауданы әкiмiнiң ұсынысы негiзiнде аудандық дене шынықтыру және спорт бөлiмiнiң ұйымдастыруымен тұрғындар арасында «Қыс – 2020» марафоны өткiзiлдi.

Шардара ауданындағы 29 жасқа дейiнгi мемлекеттiк қызметкерлер мен мектеп жасындағы жасөспiрiмдер, орта және егде жастағы тұрғындар арасында ұйымдастырылған марафонға қала мен барлық ауылдық округтерден 1000-ға тарта азамат қатысты. С.Әшiров көшесiнен бастау алып, Жастар көшесi арқылы жүгiрiп өткен қатысушылар аудандық орталық спорт кешенiнде 2,5 шақырымдық мәре сызығын кестi. Аталмыш шараға арнайы қатысқан аудан әкiмi ел Президентi Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауынан туындайтын мiндеттер мен «Ерiктiлер жылы» аясында жүзеге асатын жоспарлар жайында айтып, жастарды ауызбiршiлiкке, сапалы бiлiм алып, елге адал қызмет етуге шақырды.

Iс-шара соңында марафонға қатысушы жасөспiрiм ұлдар мен қыздар арасында «Ең жас, үздiк спортшы», ересек ерлер мен әйелдер арасында «Ең үлкен, үздiк ардагер» номинациялары бойынша оқ бойы озық шығып, мәре сызығын бiрiншi кескен жеңiмпаздар аудан әкiмiнiң арнайы дипломдарымен, қаржылай және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Сонымен қатар, аудан әкiмi ауданның ерiктi жастарымен бiргелiкте Бекзат Саттарханов атындағы саябақта ағаш көшеттерiн отырғызып, жастарды “Ерiктiлер жылының” ашылуымен құттықтады.

Өз тiлшiмiзден.