Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет елін сүйген әрбір азаматтың парызы. Айтулы датаға орай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің 30 жылдығына орай патриоттық рухты көтеру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу мақсатында қала ішінде автошеру өткізілді.
Қала жастары өткізген мерекелік автошерудің басты атрибуты Қазақстанның көк туы болды. Олар мемлекеттік нышандарымызды ұлықтап, қаланың керемет көрінісін берді.
Автошеру барысында көліктерде еліміздің көк туын желбіреткен жастар «Тың игерушілер» саябағынан бастап, Абай көшесі арқылы қаланы айнала жүріп өтіп, «Шежіре» саябағына кеп тоқтады. Сол жерде жастарымыз туымызды іліп, әнұранымызды шырқады.
«Мерекелік автошеру арқылы отансүйгіштікке, патриоттық сезімге бөлендік» – дейді «Жастар ресурстық орталығының» мамандары.
Өз тілшімізден.