Апта басында аудан прокуратурасының бастамасымен аудан әкімдігі және «Атамекен» ҰКП Шардара аудандық филиалымен бірлесіп, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытында атқарылған жұмыстар, кәсіпкерлердің өзекті мәселелерін анықтау және олардың шешу жолдарын қарастыру мақсатында кәсіпкерлердің қатысуында кездесу өткізілді.
Кездесуге мемлекеттік органдардың басшылары мен ауданның бизнес өкілдері қатысты.
Жиын барысында кәсіпкерлердің әр түрлі салаға қатысты, атап айтқанда ауылшаруашылығындағы тыңайтқыштарды жеткізу, жерді заңсыз пайдалану, жер учаскелерін бөлу, коммуналдық төлемдердің қымбаттылығы, мемлекет тарапынан бөлінетін субсидия алу және тағы да басқа мәселелер көтерілді.
Жиын соңында кәсіпкерлер көтерген өзекті мәселелерді оңды шешуге бағытталған іс-шара жоспары әзірленіп, оның орындалуы бақылауға алынды.
Мағыналас кездесуді алдағы уақытта әр айдың 20 жұлдызында өткізу тәжірибесі енгізілуде.
Рүстем Пердебек.