Дәл қазіргі таңға дейін ауданымыздың дихандары 5300 тонна бақша өнімін Қазақстан аумағынан бөлек Ресей, Моңғолия және өзге де ТМД елдерінің нарығына экспортқа шығарды.
Сондай-ақ, ел аумағына және шетелдерге аталмыш бақша өнімін экспорттау қарқынды жалғасуда. Бүгінде тұтынушылар мен кәсіпкерлер қарбызды егістік алқабының басынан бір келісін 105-110 теңге аралығында сатып алуда. Айта кетерлігі, дихандар бұл көрсеткіш экспорттың алғашқылары, ал алда бұдан да көп көрсеткіштің болатынын айтты.
Айта кетсек, ағымдағы жылы ауданда 8500 гектарға жуық бақша алқабы егіліп, одан 222 мың тоннадан астам өнім жинау күтілуде.
Өз тілшімізден.