Аудандық Төтенше жағдайлар бөліміне қарасты Шардара қаласы, Қ.Тұрысбеков көшесі бойынан судан құтқару бекетіне су жаңа ғимарат табысталды.
Кеше болып өткен ғимараттың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Н.Сапаров, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары Қ.Маханбетов, аудандық Төтенше жағдайдар бөлімінің бастығы Қ.Сартбаев және өзге де бөлім қызметкерлері мен ардагерлер қатысты. Шараға қатысқан басшылық құрам құттықтау сөз сөйлеп, ғимараттың ашылу лентасын қиды.
Айта кетсек, судан жедел құтқару жасағында 13 құтқарушы жұмыс істейді. Сондай-ақ, бұл ғимаратты аудан әкімдігі жергілікті бюджет есебінен салып берді.
Ашылу салтанатына қатысқан Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері ғимаратты салып берген аудан әкімдігі ұжымына алғыс білдірді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.