Қайырымдылық – адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Біреуге жақсылық жасау – қайырымдылықтың көрінісі. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейді. Сондай жандардың арамызда болғаны қандай жақсы.
Апта барысында қала әкімі Олжас Айдосов «ASAR-UME» қайырымдылық қоры арқылы баспаналы болған қала тұрғыны, жалғызбасты көп балалы ана Айсұлу Өмірзақованы қуанышымен құттықтап қайтты. Қала әкімінің ұйымдастыруымен демеушілер көпбалалы анаға ас үй жиһазын тарту етті.
Сондай-ақ, басқа да жергілікті демеуші азаматтар тұрмысқа қажетті керек-жарақтарын алып берісті.
О.Айдосов «ASAR-UME» қайырымдылық қорының ұжымына және қордың жергілікті өкілі, осындай игі істердің ұйытқысы болып жүрген Клара Алматқызына арнайы Алғыс хат табыстап, ыстық лебізін білдірді.
«Өскен өңір» – ақпарат.