Биылғы Жаңа жылды кейбiр мекемелер қайырымдылық шараларын атқарумен қарсы алды. Мұндай жағдайлар көпке үлгi екендiгi даусыз.
Мысалы, Шардара қаласының орталығындағы Әбу Мансур Әл-Матуриди мешiтiнiң бас имамы Ернар Өмiрбековтың ұйымдастыруымен «Жанға шуақ» қайырымдылық қоры мен Әбу Мансур Әл-Матуриди мешiтiнiң жамағаты бiрлесiп, әлеуметтiк жағдайы төмен, мүмкiндiгi шектеулi, көп балалы, қамқоршысы жоқ 40 отбасыға 1 тонна көмiрден үлестiрдi. Қыс мезгiлiнде бағасы аспандап кеткен көмiрдi алуға қиналып отырған бiр топ жамағат мешiт қызметкерлерiне зор алғыс бiлдiрдi. Бiз де өз тарапымыздан және мыңдаған оқырмандардың атынан қосындай қайырымдылық шарасын атқарған жандарға Алланың нұры жаусын дегiмiз келедi.
Өз тiлшiмiзден.