(«Халықты жұмыспен қамту орталығының» 2022 жылдың 6 айында атқарған жұмыстар туралы мәлiмет)
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2021 жылғы 12 қазандағы №728 қаулысымен бекiтiлген «2021-2025 жылдарға арналған кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi ұлттық жоба» шеңберiнде 2022 жылы 2015 адамды жұмыспен қамтудың белсендi шараларына қатыстыру жоспарланып, 6 айда 1060 адам қатыстырылды. Оның iшiнде: 287 жастар, 215 аз қамтамасыз етiлгендер, 37 мүгедектiгi бар адамдар.
Жұмыс берушiлердiң өтiнiмiне сәйкес 7 611,0 мың теңгеге 25 жұмыссызды қысқа мерзiмдi оқытудан өткiзу жоспарланған. Қазiргi таңда қысқа мерзiмдi оқытуға азаматтарды шiлде айында жiберу жоспарлануда.
Кәсiпкерлiктi қолдау бойынша 2022 жылы 130 азаматты «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту, 70 азаматқа 400 АЕК көлемiнде 61 260,0 мың теңгеге жаңа бизнес идеяларды iске асыруға арналған қайтарымсыз мемлекеттiк грант беру жоспарланып, 5 айда 20 адамға 24 504,0 мың теңге грант берiлдi.
Әлеуметтiк жұмыс орындарына ағымдағы жылы 34 650,0 мың теңгеге 100 жұмыссызды жолдау жоспарланып, бүгiнгi күнге 12 жұмыс берушiнiң өтiнiмiне сәйкес жалақыларының 35 пайызын субсидиялау арқылы 108 жұмыссыз жолданды. Жоспарға сәйкес 11 450,0 мың теңге игерiлдi.
«Жастар практикасына» 2022 жылы 73 512,0 мың теңге 160 азаматты жолдау жоспарланып, бүгiнгi күнге 40 жұмыс берушiнiң өтiнiмiне сәйкес 78 жас маман жолданды. Жоспарға сәйкес 17 878,0 мың теңге игерiлдi.
Қоғамдық жұмыстарға бюджеттен бөлiнген 129 273,0 мың теңгеге 2022 жылы 233 азаматты жолдау жоспарланып, 19 жұмыс берушiнiң өтiнiмiне сәйкес 292 жұмыссыз азамат жолданды. Жоспарға сәйкес 31 962,0 мың теңге игерiлдi.
Алғашқы жұмыс орнына 12 498,0 мың теңгеге 2022 жылға 17 азамат жолдау жоспарланып, 5 айда 14 жұмыс берушiге 17 адам жолданды. 2021 жылдан жалғастырушы 12 жұмыссыз жас 9 жұмыс берушiде жұмыстарын жалғастыруда. Жоспарға сәйкес 4 108,0 мың теңге игерiлдi.
Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша тұрақты жұмыс орындарына 1200 адамды қамту жоспарланған. Оның iшiнде бос жұмыс орындарына 1060 адам, жаңа жұмыс орындарына 140 адам. 6 айда бос жұмыс орнына 510 адам, жаңа жұмыс орындарына 35 адам жолданды.
Қысқа мерзiмдi оқуға 25 адамды оқыту жоспарланған. Еnbek.kz платформасында онлайн оқыту мен «Бастау-Бизнес» жобасына 210 адам тартылады деп жоспарлап отырмыз. Мүмкiндiгi шектеулi 100 азаматты жұмыспен қамтимыз деп жоспарлағанбыз, қазiргi таңда 37 мүмкiндiгi шектеулi азамат жұмыспен қамтылды.
Н.Майханов, «Халықты жұмыспен қамту орталығының» директоры.