ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен «Атамекен» Ұлттық кәсiпкерлер палатасы тарапынан әлеуеттi жанар-жағармайды жеткiзушi операторларға, ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне және аудан, қала әкiмдiктерiне көктемгi, күзгi дала жұмыстарын жүргiзу үшiн жасалынып бекiтiлген алгоритмге сәйкес, Шардара ауданына 2022 жылы көктемгi дала жұмыстары үшiн жанар-жағармайды

тауар өндiрушiлерге жеткiзiп беру үшiн Түркiстан облыстық ауыл шаруашылығы  басқармасы тарапынан «Майсс» ЖШС, «КазРосНефть» ЖШС жеткiзушi оператор болып, айқындалып бекiтiлген.  Шардара ауданына 2022 жылы көктемгi дала жұмыстары үшiн ақпан, наурыз, сәуiр, мамыр және маусым айларына барлығы 3120 тонна жанар-жағармай бөлiнiп, ауданға тиiстi деңгейiнде тасымалданды.

Ауданда шаруаларға берiлетiн жанар-жағармайдың өз деңгейiнде жеткiзiлуi жөнiнде операторлардың жұмысына мониторинг жүргiзу мақсатында аудан әкiмiнiң өкiмiмен құрылған жұмысшы топпен ауылдық округтерде бекiтiлген операторлар бiрлесiп, арзандатылған жанар-жағармай бойынша шаруалармен түсiндiрме жұмыстарын тұрақты түрде жүргiздi. Түсiндiрме жұмыстары жөнiнде газетте, әлеуметтiк желiлерде хабарламалар, мақалалар тұрақты түрде жариялануда. Нәтижесiнде, ақпан-маусым  айларына бөлiнген жанар-жағармайдың 2677,1 тоннасы, яғни 85,8 пайызы тасымалданып, шаруаларға 1 литр дизель отынының құны 195 теңгеден босатылды.

Бүгiнге дейiн аудандағы ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi тарапынан жанар-жағармай тапшылығы жөнiнде шағым түспеген. Атқарылып жатқан жұмыстар бөлiм тарапынан тұрақты бақылауға алынды.

Сонымен қатар Үкiмет тарапынан субсидиялауға жататын  минералдық тыңайтқыштар бойынша әрбiр шаруа өздерiнiң электронды цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦП)  «Qoldau.KZ» порталы арқылы өтiнiш бере алады.  Қазiргi таңда  аудан шаруаларына 7378 тонна, оның iшiнде 6738 тонна селитра, 600 тонна аммафос, 140 тонна карбамид тасымалданды. Бұл мәселе тұрақты бақылауға алынып, ауыл әкiмдерi тарапынан тиiстi түсiндiрме жұмыстары жүргiзiлiп жатыр.    

Аудандық ауыл шаруашылығы және

 жер қатынастары бөлiмi.