Шiлде айының 12-17 күндер аралығында Ақтау қаласында бокстан жасөспiрiмдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өттi. Әлем чемпионатына жолдама үшiн таласта «Шардара аудандық жекпе-жек спорт түрлерiнен спорт клубының» спортшылары сынға түстi.
Елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнен келген былғары қолғап шеберлерi арасында 52 келi салмақта шаршы алаңға шыққан Ташкенбай Ажар қарсыластарынан басым түсiп, алтыннан алқа тағынса, 66 келiде бақ сынаған Нұрбаш Арайлым қола алқаны қанағат тұтты.
Ел чемпионатында жеңiс тұғырынан көрiнген спортшыларымызды және бапкерi Қуандық Мадиярды жүлделерiмен құттықтай келе, алдағы байрақты бәсекелерде жеңiс тұғырынан көрiнуiн тiлеймiз!
Б.Нарбай.