Елiмiзде 2020 жыл – «Ерiктiлер» жылы деп жарияланып, бұл бағытта көптеген жұмыс атқарылды. Ерiктiлiк – жастардың өз белсендiлiгiн көрсетiп қана қоймай, адамдарға көмек беру арқылы тәжiрибе жинауға, өмiрлiк маңызды дағдыларды дамытып, әлемдi жаңа қырынан тануға мүмкiндiк бередi. Сондықтан уақытты ерiктiлiкке жұмсау – уақытты текке өткiзу емес, тұлғалық дамуға құйылған ең қымбат инвестиция.

Бүгiнде елiмiзде ерiктiлiк қарқынды дамуда. Әр қалада қарттар, жетiмдер, әлеуметтiк осал топ отбасылары, апат құрбандары секiлдi көмек қажет ететiн жандарға қол ұшын созып жүрген жастар ұйымының саны жыл санап артуда. Бүгiнде елiмiз бойынша iрi қалалар мен ауылдарда 200 волонтерлiк ұйым жұмыс iстейдi.

Шардара ауданында да «Жастар ресурстық орталығының» үйлестiруiмен құрылған 2 ерiктiлер тобы жұмыс iстейдi. Олар жастардан құралған көмекке мұқтаж жанға демеу болып жүрген қайырымды жандар.

Апта барысында «Amanat» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комитетiнiң төрағасы Сәбит Лаханов пен аудандық мәслихат депутаты, «Amanat» партиясы фракциясының мүшесi Ғалымжан Асылбековтер ерiктiлер клубының жұмыстарына зерделеу жүргiздi.

Осы жылдың 6 айында ерiктi жастармен Шардара қаласында, ауылдық округтерде қала, ауыл көшелерi мен аулаларында, өзен-су жағалауларында 25 сенбiлiк; 

- Әлеуметтiк жағдайы төмен, жалғызiлiктi қарт кiсiлер, мүмкiндiгi шектеулi жандардың үйiне барып үй шаруаларына көмектесу, азық-түлiк себеттерiн үйлестiру секiлдi 8 қайырымдылық iс-шаралары;

- Кеңес әскерлерiнiң Ауғанстан жерiнен шығарылғанына 33 жыл толуына орай Ауған соғысы ардагерлерiнiң үйлерiне барып құттықтап, үй шаруаларына қолғабыс жасау бойынша 8 қайырымдылық акциясы;

- Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 77 жылдығына орай тыл ардагерлерiн құттықтап, тұрмыстық шаруаларына көмек көрсету бойынша 6 қайырымдылық акциясы;

- Тарихи орындарға, әскери бөлiмдерге және өлкетану мұражайына ерiктi жастардың 8 экскурсиясы ұйымдас-тырылған.

«Әлсiзге қол ұшын созу, жасы үлкен адамға көмектесу, жетiм мен жесiрдi жылатпау – қазақ қоғамының ажырамас бөлiгi. Мемлекет басшысы осындай ұлттық құнды-лығымызды ұрпақ санасына сiңiру мақсатында осы нәрсенi жүйеге салып, заңды тұрғыда реттеп, жаңа деңгейге көтеруде. Бiздегi ерiктiлер тобы мұқтаж жанға қолдарынан келген көмектi жасауға әрдайым даяр. Арыста болған апат кезiнде, Мақтаарал ауданын су басқан сәттерде аудан тұрғындарынан көмек жинап, қол ұшын созды. Қайырымдылық қанымызға сiңген қасиет болғандықтан, аудан тұрғындары да бей-жай қарамай, көптеп көмегiн тигiздi», – дейдi Шардара аудандық «Жастар ресурстық орта-лығының» директоры Батыр Қалдарбек.

 «Amanat» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметi.