2022 жылдың 1 тамызы мен 31 қыркүйегi аралығында  аз қамтылған және көпбалалы отбасылар қатарындағы оқушыларға, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңiнде көмек көрсету мақсатында «Мектепке жол» республикалық акциясы өткiзiледi.

Ағымдағы жылы бұл акция Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгiнiң бастамасымен «Мектепке жол - Шекарасыз жақсылық» ұранымен өткiзiледi.     

«Балалар жылын» iске асыру шеңберiнде әлеуметтiк қолдауды қажет ететiн оқушылардың мектепке келмей қалуының алдын алу үшiн үкiметтiк емес ұйымдарды, кәсiпкерлердi және мемлекеттiк органдарды, аудан халқын акцияға белсене қатысуға шақырамыз!

Бұл игi iс-шара әрбiр балаға жаңа оқу жылына жақсы көңiл-күй, жаңа қарқын, бiлiмге деген құштарлық сыйлай отырып, бойына сенiм, жанына жiгер ұялататыны сөзсiз. Ендеше, көп болып, қолымыздан келген көмегiмiздi аямай, бала сенiмiнiң нық болуына қадам жасайық! Әрқайсымыз осы игi шараның белсендi ұйымдастырушысы, қатысушылары болайык!Акцияға қатысуға ниет бiлдiрушiлер қосымша ақпаратты аудандық адами әлеуеттi дамыту бөлiмiнен 5-94-04  сымтетiгi арқылы алуға болады.

Шардара ауданының адами әлеуеттi дамыту бөлiмi.