«Қайырымдылық жасасаң қайырын өзiң көресiң» деген дана халқымыз. Жаңа жыл мерекесi қарсаңында жүрегi таза, ниетi ақ, пәк көңiлдi қамкөңiл жандарға көмек қолын созып, қайырымдылық жасап, қуаныш сыйлайтын азаматтардың саны да арта түседi.
Сауапты тiрлiктер ұйымдастырады. Солардың бiрi «Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары, аудандық мәслихаттың депутаты Қарымсақов Ерғали Әбдәзiмұлы бiрнеше жылдан берi көпбалалы аз қамтылған және мүмкiндiгi шектеулi балалары бар отбасыларға Жаңа жыл мерекесi қарсаңында сый-сияпат жасап, қуанышқа бөлеп келедi. Ол биылғы жылы да сол дәстүрiн жалғастырып, өз отбасы есебiнен мүмкiндiгi шектеулi жандары бар жетi отбасыға барып, көңiл күйлерiн сұрап, жан жылулығын сыйлап, ұн, ақ май, вермишель, картоп, сәбiз, пияз, қант пен шәй сияқты басқа да заттар салынған азық-түлiк себетiн табыстап, келе жатқан жаңа жыл мерекесiмен құттықтады. Сыйлық алған жандар Ерғали Әбдәзiмұлына алғыстарын бiлдiрдi.
– Мереке кезiнде барлық азаматтың да көңiл күйлерi көтерiңкi болуы керек қой. Осындай ұлық мерекеде мүмкiндiгi шектеулi жандардың көңiлдерiн аулап, оларға сый-сияпат жасағым келдi, – дейдi Ерғали Әбдәзiмұлы.
Өз тiлшiмiзден.