Шiлденiң 20-22 күндерi Отырар ауданында «Балалар жылына» орай волейболдан ересектер (ұлдар) арасында Түркiстан облысының IV спартакиадасы өткiзiлдi. Аталған жарысқа облысымыздың түкпiр-түкпiрiнен келген ала доп шеберлерi бас қосты. Осы жарыста Шардара командасы жүлделi II орынды қанжығасына байлады.
Жүлделi орыннан көрiнген спортшыларымызды және ауданымыздың бiлiктi жаттықтырушысы Мырзабеков Олжасты жеңiстерiмен құттықтай отырып, алдағы уақытта да жеңiстi күндерден көрiне беруiне тiлектеспiз!
"Өскен өңір" ақпарат.