Аптаның алғашқы күнiнде аудан әкiмi Қайрат Жолдыбай тұрғындарға жеке қабылдау өткiздi.

Қабылдауда болған тұрғындар тарапынан инфрақұрылымға байланысты және тағы да басқа  әлуметтiк мәселелер айтылды.

Аудан басшысы тұрғындардың сауалдарына толыққанды жауап берiп, аудан көлемiнде шешiлетiн жұмыстарды жүзеге асыру бойынша жауапты мекемелерге тапсырмалар берiп, облыстық және мемлекеттiк деңгейде шешiлетiн мәселелердi ұсыныс ретiнде жолдап, орындалуына ықпал жасайтынын жеткiздi.

Сондай-ақ, әр мәселенiң орындалу уақытын айтып, қосымша түсiндiру жұмысын жүргiздi.

Аудан әкiмiнiң баспасөз қызметi.