Шардара қаласындағы әлеуметтiк маңызға ие бағыттарда қоғамдық көлiктер жүргiзiлуде. Шардара қаласы бойынша әлеуметтiк «Қала-1», «Қала-2» бағыттары облыстық мәслихат шешiмiмен  бекiтiлген. Ал қаланың «Өтеғұл» шағын ауданын қала орталығымен байланыстыратын «Қала-3» бағыты облыстық мәслихаттың бекiтуiне ұсынылған.

Ағымдағы жылдың  4 шiлдесiнен бастап Шардара қаласындағы «Қала-1» (Төменгi тоғай-Орталық базар-Орталық аурухана-1 мөлтек аудан-4 мөлтек аудан,  4 мөлтек-1 мөлтек аудан-Орталық аурухана-Орталық базар-Төменгi тоғай) бағыттары бойынша 4 бiрлiк шағын автобус жолаушылар тасымалын бастаған болатын.

Ал 2022 жылдың 1 тамызынан бастап Шардара қаласындағы «Қала-2» бағыты өз жұмысын бастап, 4 бiрлiк шағын автобус жолаушылар тасымалына кiрiстi. Бағыттары: («Нұр Отан» мөлтек ауданы-Орталық аурухана-Орталық базар-«Керуен» сауда үйi-2 мөлтек аудан-«Әсемай» мөлтек ауданы). Әр  автобустың қатынау ара қашықтығы 20 минут.

Сонымен қатар, Шардара қаласындағы «Қала-3» бағытындағы маршрут өз жұмысын 2022 жылдың  4 тамызынан бастайтын болады. Бұл жұмыстарды  «SAR avtо» ЖШС атқарып келедi.

Аудан әкiмiнiң баспасөз қызметi.