Кешегі аптада Шардара аудандық орталық ауруханасының хирург дәрігері Сарыбаев Нұрсұлтан Абдуллаұлы Шардара аудандық орталық мешітінде ашық есік күнін өткізіп, 150 баланы ақысыз түрде сүндетке отырғызды.
Ашық есік күні таңғы сағат 7.00-ден 17.00-ге дейін өткізілді.
«Сүндеттеу – Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) қалған сүннет амал. Шариғатымызда да, медицина бойынша да сүндеттеу тазалық болып саналады. Сондай-ақ, орталық мешітте ашық есік күнінін өткізіп, ақысыз түрде жұмыс атқарып жатқан Шардара аудандық орталық ауруханасына, оның ішінде хирург дәрігер Нұрсұлтан бауырымызға өз алғысымды білдіремін. Осындай игі шараларды алдағы уақытта тағы да жалғастыратын боламыз», – деді Шардара ауданының бас имамы М.Асанов.
Таң азаннан баласын ертіп орталық мешітке қарай ағылған тұрғындар сауапты іс-шараны ұйымдастырушы азаматтарға алғыстарын жаудырды.
Р.Пердебек.