6 тамызда қол күресінен әлем асыға күткен Шығыс пен Батыс спортшылары арасындағы жекпе-жек сайысы өз мәресіне жетті.
Аталған сайыста Қазақ елінің атынан алғашқы жекпе-жекке шыққан шардаралық Сарыбай Ердәулет бауырымыз қарсыласы, түркиялық палуан, әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Юсуф Илдызоглуны 3-0 есебімен жеңді.
Бұған дейін әлемнің ТОП-8 құрамына кірген Қыдырғали Оңғарбаев армрестлингте аты аңызға айналған, қол күресінен әлемнің 26 дүркін чемпионы Джон Брзенкті жеңді.
Қазақты шаршы әлемге танытқан жігіттер апта барысында елге оралған болатын. Жеңімпаздарды жерлестеріміз құрметпен, арнайы іс-шара ұйымдастырып қарсы алды. Іс-шара барысында аудандық мәслихат хатшысы, қол күресі спортының негізін қалаушы, Түркістан облысы гір спорты және армрестлинг федерациясының президенті Арман Қарсыбаев спортшыларды жеңістерімен құттықтады. Сонымен бірге жеңімпаздарға өз атынан және “Шардара-Армспорт” ұжымы атынан Шардара қаласынан 2 бөлмелі пәтерлердің кілтін табыстады.
«Өскен өңір» – ақпарат.