Дүйсенбіде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығы аясында 12 қыркүйек – «Жергілікті әскери басқару органдарының күні» қорғаныс істері жөніндегі бөлім қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған мерекелік кеш өтті.
Бұдан 30 жыл бұрын 1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасы Президенті Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы жарлық шыққаны баршамызға белгілі. Яғни, биыл бейбіт елдің тыныштығын әуеде, құрлықта, теңізде қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырып жүрген әрбір әскери қызметші үшін ерекше жыл болды. Сонымен қатар, бүгін жергілікті әскери басқару органдарының күні, қорғаныс істері жөніндегі бөлім қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.
Салтанатты шараға қала әкімі О.Айдосов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Таласов, «Аманат» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Е.Бекет, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, подполковник Е.Жұманов, аудандық мәслихат аппаратының басшысы Р.Бекмұратов және әскери қызметшілер қатысты.
Басшылық құрам мен қонақтар құттықтау сөз сөйлеп, патриоттық әндер шырқалып, бірқатар азаматтар мерекелік төсбелгі мен Алғыс хаттарға ие болды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.