Көксу ауыл округiндегi Сырдария амбулаториялық емханасының қызметiне ауыл тұрғындары дән риза. Мұндағы қызмет көрсететiн дәрiгер мен медбикелер өз iстерiн жетiк бiлетiн тәжiрибелi мамандар. Келушiлердi ыстық ықыласпен қарсы алып, тиiсiнше дәрiгерлiк ем-дом жасап, шығарып салады.
Емханада егу бөлмесi мен он орындық ем қабылдайтын орын ұйымдастырылған. Он медбике әр көшеге бекiтiлiп қойылған. Олар есепте тұратын сырқаттардың арнайы жасалған кестеге сай қан қысымдары мен жүрек соғуларын бақылап, мемлекеттен берiлетiн тегiн дәрiлердi өз уақытында жеткiзiп отырады. “Ауырып ем iздегенше, ауырмайтын жол iзде” деген қағиданы берiк ұстанған емхана қызметкерлерi аурудың алдын алу шараларын жиi өткiзiп, түрлi егулер жасап, тұрғындарға қажеттi үнқағаздар тарқатап, ақыл-кеңестерiн берiп отырады. Емхананың iшi мен сырты мұнтаздай таза. Мұнда келушiлер осындағы қызметкерлердiң жылы сөздерiнiң өзiнен бойларына қуат жинап, сергiп қайтады.
Әрине мүның бәрi амбулаторияның басшысы терапевт, аға дәрiгер Жанар Ходжахметованың ұйымдастырушылығының жемiсi. Ол осы Көксу ауылының тумасы. Осындағы С.Ерубаев атындағы орта мектептiң түлегi. Оңтүстiк медицина академиясына оқуға түсiп, кейiннен Қожа Ахмет Яссауи университетiнде оқуын жалғастырып, терапевт мамандығын алған. Шәуiлдiрде алғашқы еңбек жолын бастап, 2016 жылдан берi Шардара аудандық орталық ауруханасына қарасты Сырдария амбулаториясында қалытқысыз қызмет атқарып келедi.
Ауылдың сүйiктiсiне айналған Жанар Жаңабекқызының әлi жетер жетiстiктерi мен алар асулары алда деп бiлемiз.
Кеңесбек Әдiлбеков, ардагер ұстаз.