Кешегі аптаның көлемінде Сербияның Суботица қаласында жастар арасындағы «Алтын қолғап» халықаралық турнирі өтті. Әлемнің 24 мемлекетінен 186 боксшы бас қосқан жарыста Қазақстан ұлттық құрамасы сапында жерлесіміз Ұлжан Серікбай 57 келі салмақта өнер көрсетті.
Қазақстанның намысын қорғаған Ұлжан Ержанқызы аталған жарыста қарсыластарынан анағұрлым басым түсіп, алтыннан алқа тағынды.
Айта кетейік, Ұлжан бұған дейін бокстан Түркістан облысының, ҚР чемпонатының жеңімпазы, Азия чемпионатының екі дүркін чемпионы атанған.
Кеше аудан басшысы Қайрат Жолдыбай чемпион жерлесіміз Ұлжан Сәрсенбек пен жаттықтырушысы Демеуов Шыңғысты жеке қабылдап, жарқын жеңістерімен құттықтады.
Ұлжан мен Шыңғысқа жүрекжарды лебізін білдірген аудан әкімі оларға өз атынан Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар тапсырды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.