Апта барысында аудан әкімі Қайрат Жолдыбай мен аудан прокуроры Руслан Әбдірайымов ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің заңдылығы мәселесі бойынша Достық, Ақшеңгелді, Қызылқұм және Алатау батыр, Ұзын ата, Көксу, Қоссейіт ауылдық округтерінде болып, тұрғындарға жеке қабылдау өткізді.

Көшпелі қабылдау барысында әр тұрғынға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жайылым және егістік жерге қатысты мәселелерін шешу жолдары талқыланды.

Аудан басшысы жер мәселесімен келген  азаматтарға аудан прокуратурасымен бірлесіп түйіткілді мәселелерін шешуе ықпал жасайтындығын жеткізді.

Сондай-ақ, жеке қабылдау барысында өзге де әлеуметтік мәселелер көтеріліп, талқыланды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.