Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған іске асыру барысы және Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексiнiң жобасында көзделген әлеуметтік-еңбек саласын жетілдіру жөнiндегi жаңа тәсiлдер түсіндірілді.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына «Әдiлеттi мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында, елiмiзде қордаланған мәселелерді шешу жолдары, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған, мемлекетті одан әрі жаңғырту жөніндегі әлеуметтік қолдау шараларына қатысты жаңа мiндеттер тапсырған болатын.

Апта барысында Жолдау бойынша ақпарттық-түсіндіру жұмыстарын жүргiзу үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Оспанов Ербол Дүйсебайұлы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінін əлеуеттік көмек департамент басшысы Ниязов Асқар Нұрланұлы, Қазақстан Республикасының "Мiндеттi әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының бас директоры Кемел Нұрсұлу Мырзагелдiқызы, Еңбек әлеуметтік қорғау және көшi-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Тұңғышбаев Руслан Кәрімбайұлы, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұрашов Нұржан Кеңесбекұлы арнайы келді.

Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары Н.Сапаров, ардагерлер кеңесінің мүшелері, қала, ауыл әкімдері, әлеуметтік сала мамандары мен қызметшілері қатысты.

Қатысушыларға отбасылық цифрлық картасын енгізу, жұмыспен қамтудың жаңа саясаты, зейнетақы саясаты және әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту, балалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту бағыттары бойынша толыққанды ақпарат беріп, алдағы нақты өзгерістерге тоқталды.

Сондай-ақ, вице-министр қатысушылардың да сұрақтарына нақты жауап беріп, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған факторларға жеке-жеке тоқтап, жүзеге асқан жағдайдағы нәтижесінің тиімділігін түсіндірді.

Бұдан бөлек заман талабына сай электронды цифрлық жүйеге көшу артықшылығын жеткізді.

Сонымен қатар, Е.Оспанов «Қасиет» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысып, ондағы ардагерлер мен мүгедектігі бар азаматтармен кездесті.Олардың ұсыныстары мен мәселелерін тыңдап, заңнамалық өзгерістер енгізу бойынша қосымша ақпарат берді.

 Аудан әкімінің баспасөз қызметі.