9 қаңтар күнi Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Әли Бектаев Шардара ауданына ат басын бұрып келдi. Аудан әкiмдiгiнiң үлкен мәжiлiс залында өткен кездесудi жүргiзiп отырған аудан әкiмi Қайрат Жолдыбай Әли Әбдiкерiмұлының бұл iссапары мемлекетiмiздiң басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуiнiң негiзi» атты Жолдауында айтылған мiндеттер мен олардың орындалуын кең көлемде түсiндiру мақсатында екенiн атап өттi.
Алдымен шардаралықтарды жаңа жылмен құттықтаған Әли Бектаев мұнан кейiн республика деңгейiндегi болып жатқан елеулi оқиғаларға шолу жасады. Президентiмiз Қасым-Жомарт Кемелұлының өз Жолдауында айтқан «Халықты тыңдай бiлетiн мемлекет құру керек» деген сөзiн мысалға келтiрген сенатор халық игiлiгi үшiн қолға алынып жатқан iстердi атап көрсеттi. Сондай-ақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбiшұлының Жарлығымен құрылған Түркiстан облысы мен оның орталығын түлету жұмыстарының қарқынды түрде жүрiп жатқанына да тоқтала кеттi. Әли Әбдiкерiмұлы Парламент қабырғасында қабылданып жатқан заң жобаларымен де таныстырды.
– Былтырғы жылы Парламент Сенатында барлық салаға қатысты 83 заң жобасы қабылданды. Соның iшiндегi ең бастысы – педагог мәртебесiн көтеруге бағытталған заңның қабылдануы дер едiм. Мұғалiм мәртебесiн көтеретiн мұндай заң ТМД елдерi iшiнде тұңғыш рет бiздiң мемлекетiмiзде қолға алынып отыр. Бұл заң оқытушылардың материалдық, әлеуметтiк жағдайларын жақсартуға арналады. Биылдың өзiнде мұғалiмдердiң жалақысы 25 пайызға көтерiлсе, төрт жылдың iшiнде екi есеге артатын болады. Жалпы биылдың өзiнде бiлiм саласына 2 трлн 4 млрд теңге бөлiнбек. Бұрын-соңды мұндай қаржы бiлiм саласына бөлiнiп көрмеген, – дедi сенатор.
Әли Әбдiкерiмұлы дәл осылайша әлеуметтiк қамсыздандыру, медицина, ауыл шаруашылығы салалары бойынша қабылданған заң жобаларынан хабардар еттi. Жарыссөзге шыққан аудандық Қоғамдық келiсiм кеңесiнiң төрағасы Қыстау Iлесов, №16 колледж директорының оқу тәрбие iсi жөнiндегi орныбасары Гүлжанат Шертаева, аудандық орталық аурухана бас дәрiгерiнiң орынбасары Айман Молдапанаева жаңадан қабылданып отырған заң жобалары халықтың әлеуметтiк жағдайын жақсартуға бағытталған игi iс екенiн атап өттi.
Жиын соңында аудан әкiмi Қайрат Жолдыбай жұртшылықпен жүздесуге келiп, жағымды жаңалықтармен бөлiскен халық қалаулысына тұрғындар атынан алғыс сезiмiн бiлдiрдi.
Аудан әкiмiнiң баспасөз қызметi.