25 қазан – Республика күніне орай, аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен ауданның әуесқой балықшы ересектері мен жастарының арасында балық аулаудан жарыс өтті.

Шараның мақсаты – мерекелік шаралар аясында аудан жастарын қоғамдық белсенділікке тарта отырып, бос уақытын тиімді пайдалануға, балық шаруашылығына қызықтыру және қоршаған ортаға деген көзқарастарын нығайту. Сонымен  бірге халық арасында табиғатқа жанашырлық таныту, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану, салауатты өмір салтын  насихаттау және аңшылық пен балық аулауда браконерлікке мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру.

Сайысқа қала және ауылдық округтерден бас-аяғы 11 команда қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бақытжан Таласов сөз алып, сайысқа қатысушыларды алдағы мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі.

Шарада 3 адамнан құрылған әр команда 4 қармақпен қатысып, салмағы 600 грамнан жоғары болатын балықтарды ұстаудан сынға түсті.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бақытжан Таласов сайыс қорытындысы бойынша үздік шыққан үштікке және өзге де қатысушы командаларға арнайы мадақтамалар мен бағалы сыйлықтар тапсырып, белсенділік танытқандарға алғыс білдірді.

Жарысқа қатысушылар мереке қарсаңында шараны ұйымдастырушы азаматтарға өз алғыстарын айтып, тарқасты. 

Өз тілшімізден.