Республика күніне орай өткен аптаның соңында Өтеғұл шағын ауданының спорт алаңында ересектер арасында кіші футболдан жергілікті кәсіпкер азаматтардың демеушілгімен ауданаралық турнир өткізілді. Қала әкімі Айдосов Олжас жастардың уақытын тиімді пайдаланып, салауатты өмір салтын ұстануда тәрбиелік маңызы бар іс-шараның ашылуында сөз сөйлеп, ойыншыларға сәттілік тіледі.
Шараға 12 команда қатысып, ойыншылар тартысты, қызықты ойын көрсетті. Сайыс қортындысы бойынша 1 орынды «Шардара 93» командасы жеңіп алса, 2 орынды «Тұлпар» командасы қанжығасына байлады. Ал 3 орынды қонақ ретінде шақырылған Жетісай ауданынан келген «Көкпар сай» командасы жеңіп алды. Жеңімпаз командаларға Шардара аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ереханов Бақыт медальдармен қатар ақшалай сыйлықтар да табыс етті.
Жарыс соңында жергілікті жасөспірімдерді спортқа баулып жүрген білікті жаттықтырушылар – Беримов Мұқтар, Іргебаев Нұрым, Қайыр Ағажандар қатысушыларға өз алғыстарын айтып, мерекемен құттықтады.
Өз тілшімізден.