Елiмiзде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу –  мемлекеттiң одан әрi табысты дамуының кепiлi. Оның кез келген көрiнiстерi қоғамның дамуына және мемлекеттiң экономикалық өсуiне орасан зор кедергi келтiредi.

Қазақстан Республикасының  Президентi Қасым-Жомарт Тоқаев ресми ұлықтау рәсiмiнде тәуелсiздiк тарихындағы жаңа бiр кезеңiнiң шымылдығын ашып, мемлекеттiң алдында тұрған мiндеттердi айқындап, «Халықтың табысын арттыру», «Сыбайлас жемқорықты жою», «Сот және құқық қорғау жүйесiн жетiлдiру» , «Жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты лайықты жалақымен қамту», «Тұрғын үй мәселесiн шешу», «Әдiлеттi әлеуметтiк саясат», «Өңiрлердi дамытудың жаңа бағдары», «Рухани жаңғыру»,  «Сыртқы саясат», «Жас ұрпаққа ерекше қайырылғым келедi» тақырыбындағы атқарылатын жұмыстардың он басым бағытын нақтылап бердi. Осы он бағыттың  iшiндегi  екiншi бағыты – сыбайлас жемқорлықты жоюға арналды.

Мемлекет басшысы «Жемқорлық – мемлекеттiң дамуын тежейтiн кесел. Бұл – қоғамдағы өзара сенiмге, жалпы мемлекетiмiздiң қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн құбылыс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелi жұмыс жүргiземiз», деп атап өттi.           Болашаққа балта шабатын жат қылықтардың алдын алу мақсатында ауданда бiрқатар шаралар атқарылды. 2019 жылдың сәуiр айында «Түркiстан  – адалдық алаңы» жобалық кеңсесi жанынан Шардара аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы мониторинг топ, лекторлық топ және адалдық елшiсi құрылып, құрылған топтардың қатысуымен  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы Ұлттық баяндама талқыланып, өткiзiлгенi жөнiндегi мәлiметi мен топтарды таныстыру бойынша ауданның ресми сайтында жарияланды.

Құрылған арнайы мониторинг топтың қоғамдық бақылау және керi байланыс орнату үшiн «Whatsаpp» (87758692121) нөмiрi көрсетiлген арнайы жадынамалар аудандағы 24 денсаулық сақтау мекемесiнде орналастырылды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық деңгейiн төмендету жөнiндегi 414 жадынама қала, ауылдық округтердегi  халық көп жиналатын мекемелерiнде орналастырылды.

«Түркiстан  – адалдық алаңы» жобалық кеңсесi аясында «Адалдық дүкендерiн» ашу бойынша тапсырмасына сәйкес, Шардара ауданындағы 18 бiлiм беру мекемелерiмен 5 дербес бөлiм, 8 ауыл әкiмi аппараттарында ашылуы ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл Агенттiгiнiң Түркiстан облыстық департаментiмен дайындалған бейнероликтер аудандық жер қатынастары бөлiмi, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы және аудандық орталық ауруханада көрсетiлдi.

Қазақстан Республикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл Агенттiгiнiң Түркiстан облыстық департаментiнiң «Түркiстан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесi жанынан құрылған арнайы мониторинг топ мүшелерiнiң құрамына iрiктеп, қоғам белсендiлерiн қосу үшiн жасалған конкурстық жадынамасы ауданның ресми сайты және «Facebook» желiсiнде 2019 жылдың 8 мамыр күнi  жарияланды.

Сондай-ақ «Түркiстан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесi жанынан құрылған лекторлық топтың кездесулерi мамыр айында 2 рет өткiзiлiп, өткiзiлгенi жөнiнде бөлiмнiң «Facebook» желiсiнде жарияланды.

Қазақстан Республикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл Агенттiгiнiң Түркiстан облыстық департаментiнiң тапсырмасына сәйкес  №16 колледжде сыбайлас жемқорлық мәселелерiн зерттеу мақсатында 63 студент және 14 колледж мұғалiмдерi арасында сауалнама жүргiзiлiп, қорытындысы шығарылды. Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптасуы үшiн олар  сыбайлас жемқорлық елдiң дамуын тежейтiн аса қауiптi қоғамдық дерт екенiн бiлуi тиiс. Баланы болашағымызға балап, жастарды келешегiмiз десек, оларға  керi әсер ететiн сыбайлас жемқорлықпен баршамыз  ымырасыз  күресуiмiз қажет.

Орынша Қалшабекова, аудандық iшкi саясат  бөлiмiнiң басшысы.