Өткен аптада аудандық мәслихат хатшысы, «Шардара Армспорт» клубының жетекшісі Арман Қарсыбаев бастаған жаттықтырушылар құрамы жуырда ғана үйін өрт шалған көпбалалы және жалғызбасты ана Жанар Айымбетованың шаңырағына барып, бір шаңыраққа керекті толық тұрмыстық техникаларды сыйға тартты. Бір сәтте үйін де, өзегін де өрт шалған ананы жұбата отырып, алдағы уақыттары да мүмкіндігінше қол ұшын созатындарын білдірді.
"Жалпы бұл қайырымдылық іс-шара мақтаныш үшін жасалып жатқан жоқ. Мақтанамыз десек бізде спорттық жетістіктеріміздің жетіп-артылатынын халық жақсы біледі. Жетімін жылатпаған елміз ғой, тек басқа да қалталы азаматтарға үлгі болу. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын", – дейді Арман Романұлы.
Жасаған жақсылықтарыңыз Алладан қайтсын.
«Өскен өңір» – ақпарат.