Бүгінде мемлекет үшін ең басты құндылық – адамдардың өмірі мен денсаулығы. Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың тұрғындардың міндетті әлеуметтік медицина сақтандыру жүйесіне (МӘМС) қамтылуын арттыру бойынша тапсырмасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2022 жылғы 26 тамыздағы алқасының хаттамасына сәйкес, денсаулық сақтау саласы бойынша аудан тұрғындарымен есеп беру кездесуі өтті.
Кездесуге Шардара ауданы әкімдігінің МӘМС жүйесі бойынша құрылған жұмысшы тобы, қала, ауылдық округі әкімдері, «Amanat» партиясы Шардара аудандық филиалының атқарушы хатшысы, аудандық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының директоры, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты.
Ауданымызға медицина саласы бойынша аудан тұрғындарына есеп беру кездесуіне "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Бейсенбаев Асхат Асанұлы, Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының бөлім басшысы Боташева Меруерт Тұрғұмбекқызы және Шардара ауданы бойынша медицина саласында атқарылған жұмыстар туралы Шардара аудандық орталық ауруханасының басшысы Әбдімәлік Бауыржан Әбдімәлікұлы тұрғындар алдында есеп берді.
Медициналық сақтандырудың негізгі бағыттары, ел ішінде медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты түрлі пікірлер мен ұсыныстар айтылып, шешу жолдары талқыланды.
Өз тілшімізден.