Қазан айының 27-31 күндері аралығында Үндістанның астанасы Дели қаласында Гір көтеру спортынан жастар, ересектер мен ардагерлер арасында Әлем чемпионаты өтті. Аталған байрақты бәсекеде 30-ға жуық мемлекеттен 800-ге тарта спортшы өз елдерінің намысын қорғаған болатын.
Қазақстан құрама сапынан ересектер арасында бақ сынаған жерлестеріміз Байдуллаев Бағжан жұлқа көтеруден 63 келі салмақта күміс медаль жеңіп алды. Сонымен қатар 85 келі салмақта Тұрғанбай Нұрбатыр мен 78 келі салмақта Шынтанов Бақдаулет те күміс алқаны қанжығасына байлады.
Барша спорт сүйер қауым атынан, спортшыларымызды жеңісімен құттықтай келе, алдағы байрақты бәсекелерде бұданда үлкен белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз!
«Өскен өңір» – ақпарат.