Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінің келісімі бойынша Түркістан облысы Полиция департаментінің бұйрығымен полиция полковнигі Шералы Әділханұлы Әбдіраманов Шардара аудандық полиция бөлімінің бастығы болып тағайындалды.
Ш.Әділханұлы ҚР ішкі істер органдарында 1997 жылдан бері қызмет етіп келеді. Білімі жоғары. ҚР ІІМ Академиясының түлегі. ОҚО Ішкі істер департаментінің Шымкент қаласы, Әл-Фараби ПБ, Мақтаарал АПБ тергеу бөлімдерінде, ҚР ІІМ тергеу комитетінде және түрлі басшылық лауазымдарда қызмет еткен. Сонымен қатар Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында ПД-нің Тергеу басқармаларының бастығы қызметін атқарған.
2020 жылдың тамыз айынан бастап Түркістан қалалық Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары болған.
Шералы Әділханұлының жаңа қызметіне сәттілік тілейміз!
«Өскен өңір» – ақпарат.