Қараша айының 6-8 күндері Шымкент қаласында қазақ күресінен 2003-2004 жылы туылған жастар арасында Шымкент қаласы әкімінің жүлдесіне арналған республикалық турнир өтті. Аталған жарыста республикамыздың түкпір-түкпірінен келген боз кілем шеберлері бас қосты.
Осы жарыста жерлестеріміз 66 кг салмақта Нұрманов Қабылбек алтыннан алқа тағынса, 66 кг салмақтағы Амангелді Сәуірбай мен 100 кг салмақтағы Сайлаубек Рамазан күміс жүлдені еншіледі.
Жеңіс құтты болсын, жерлестер!
«Өскен өңір» – ақпарат.