Кешегі аптада ауданымызда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен аудан орталығында жәрмеңке ұйымдастырылды.
Аудандық мәдениет үйінің алдында өткен жәрмеңкеде сиыр және қой еті, картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат, асқабақ, күріш, көкөніс және балық секілді өнімдер қойылды. Ұйымдастырылған жәрмеңкеде тауарлар нарық бағасынан 10-15 пайыз көлемінде арзан сатылды.
Шараға бүкіл ауыл округтері мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындары өз үлестерін қосты.
Жәрмеңкеге арнайы барған аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев азық-түлік бағалары мен сауда орындарының жай-күйімен танысты.
Нарық бағасын тұрақтандыру мақсатында ұйымдастырылып жатқан жәрмеңкелер алдағы уақытта өткізіліп тұратын болады.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.