Өткен аптада Астана қаласындағы «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңестерінің республикалық отырысы өтті.   

Отырысқа Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Л.А.Прокопенко, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Н.Шойкин, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, облыстардағы Қоғамдық келісім кеңестерінің, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен өкілдері қатысты.

Маңызды мәселелер қаралған жиынға Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Әбдіқұлов Созақбай Исаұлы мен Шардара аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ілесов Қыстау Інайұлы қатысты.

Кеңес отырысында Созақбай Исаұлы Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің, аудандық, қалалық Қоғамдық келісім кеңестерінің атқарған нәтижелі жұмыстары туралы баяндама жасады.

Отырысты қорытындылаған Л.А.Прокопенко Сауран аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Әміреев Оразбек Жұмабекұлының Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатымен марапатталғанын хабарлап, марапатты табыстауды Созақбай Исаұлына аманаттады.

 «Өскен өңір» – ақпарат.