20 қараша күні елімізде ең маңызды шара – Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы болып өткендігі баршаға аян. Аталған шараны өткізуде Шардара ауданының жұртшылығы да белсенділік танытты.
Апта барысында сайлауды жоғары деңгейде өткізуде белсенділік танытқан бір топ азаматтар түрлі марапаттарға ие болды.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Есенбай Бейсенбиев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Алғыс хат иеленді.
Біз де марапат иесін құттықтай отырып, отбасына амандық, жұмыстарына толайым табыс тілейміз!
"Өскен өңір" - ақпарат.