Аудан әкiмi Қайрат Жолдыбай 22 қаңтар күнi Қызылқұм, Сүткент, Ақшеңгелдi, Достық ауылдық округтерiнде болып, ауыл тұрғындарын жеке мәселелерi бойынша қабылдады.

Қызылқұм ауылында өткен жеке қабылдауға жазылған Қанатәлi Бегалиев ауылға ағын су кiргiзу мәселесiн көтерсе, Азат Мырзабек тұрғындарды таза ауызсумен қамту жайлы сұрады. Ал Жұмабай Есiмов ауылдағы Мәдениет үйiн күрделi жөндеуден өткiзу жайлы орынды ұсыныс айтты.

Сүткент ауылында өткен жеке қабылдауға тұрғындар белсендi түрде қатысты. Ауыл тұрғыны Бекет Шыныбаев сор шаюға ағын су бергiзу туралы шаруалардың мәселесiн қозғаса, Геннадий Богодухов көшеге асфальт төсеу, Мырзахан Тұрғымбаев ауыл орталығындағы ескi саябақты абаттандыру, Сапаркүл Базарбекова әлеуметтiк жәрдемақы мәселесi, Жанәдiл Сейданов Н.Сейданов көшесiн жарықтандыру және асфальт жолдағы көлiк жылдамдығын бәсеңдету белдеушесiн орнату жайлы ұсыныстарын жеткiздi.

Ақшеңгелдi ауылдық округiнiң тұрғындары да елге керектi мәселелердi көтере бiлдi. Атап айтар болсақ, Кеңес Әбдiкерiм елдi мекендердi жарықтандыру жайлы ұсыныс айтса, Мұсақұл Төлебаев Егiзқұм ауылындағы ауызсудың жағдайын, яғни «Омега» қондырғысының сүзгiсiн ауыстыру және ауыл көшелерiн орта жөндеуден өткiзудi сұранды. Ал, Үрзада Мамырайымова ағын су жүйелерiн ағымдағы жөндеуден өткiзу жайлы мәселе қозғады.

Достық ауылының тұрғындары түрлi сала бойынша өтiнiш-тiлектерiн жеткiздi. Мысалы, Нұрбас Иса су тазартатын «Омега» қондырғысын көбейту жайлы өтiнiш айтса, Жора Аманов егiстiк алқаптағы жекеменшiк үлгiдегi каналдарды мемлекет меншiгiне қайтару және ауыл әкiмi ғимаратын күрделi жөндеуден өткiзу жайлы ұсыныс бiлдiрдi. Ералы Тұрғымбеков егiстiк алқаптағы қашыртқыларды тазалау, Әбдiрәсiл Райымқұлов жайылым жер мәселесiн, Мұрат Раманқұлов ағын су жүйелерi бойынша және сауықтыру орындарына жолдама алу бойынша, Марат Байыров «Достық» жалпы орта мектебiн күрделi жөндеуден өткiзу жайлы ұсыныс-тiлектерiн бiлдiрдi.     

Төрт ауылдық округ тұрғындарының өтiнiш-тiлектерiн асықпай тыңдаған Қайрат Жолдыбайұлы бұл айтылған мәселелердiң барлығы да хаттамаға түсiрiлiп, оң шешу үшiн тиiстi жұмыстар жасалынатынын айтты.

Ауыл тұрғындарымен кездесiп, жеке қабылдау жұмысына аудан әкiмiнiң орынбасарлары Нұрмахан Сапаров пен Ағатай Тәженов, аудан әкiмi аппаратының басшысы Ғалымжан Амантай, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң басшысы Жоламан Тұрлыбеков, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Бибiгүл Көшекеева, аудандық iшкi саясат бөлiмiнiң басшысы Орынша Қалшабекова, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi басшысының және басқа да сала мамандары қатысып, өздерiне қатысты мәселелерге жауап берiп отырды.

Сондай-ақ, аудан әкiмi Қайрат Жолдыбай ауылдарды аралау барысында төсек тартып жатқан мүмкiндiгi шектеулi азаматтардың отбасыларына барып, олардың хал-жағдайларын сұрады. Жаңа жылдарымен құттықтап, азық-түлiк себеттерiн таратты. Өз кезегiнде жағдайларын сұрап келген аудан басшысына қамкөңiл жандар ризашылықтарын бiлдiрiп, алғыстарын айтты.      

Аудан әкiмiнiң баспасөз қызметi