Апта басында аудан әкімі Қ.Жолдыбай тұрғындарға жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауда болған тұрғындар тарапынан тұрғын үй кезегінің мәселесі, бала асырап алу заңдылығы, қосымша спорт алаңшасын салу, мүгедектігі бар жандарға арналған мәдени шаралар өткізу, қысқы жылу, мақта пункттерінің келісімшартының мәселесі, заңсыз құм қазу, көшеге қосымша жарық тарту, асфальт төсеу және басқа да мәселелер айтылды.
Аудан басшысы сауалдарға толыққанды жауап беріп, аудан көлемінде шешілетін жұмыстарды жүзеге асыру бойынша жауапты мекемелерге тапсырмалар беріп, облыстық және мемлекеттік деңгейде шешілетін мәселелерді ұсыныс ретінде жолдап, орындалуына ықпал жасайтынын жеткізді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.