2022 жылғы желтоқсан айының 2-4 күндері Испания елiнiң Мальграт-де-Мар қаласында джиу-джитсу комбат спортынан ересектер арасында Әлем чемпионаты өткен болатын. Аталған жарыста жерлесіміз Мекенбай Мұса 77 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп, джиу-джитсу комбат спортынан ауданнан шыққан тұңғыш Әлем чемпионы атанды.
Апта барысында аудан әкімі Қайрат Жолдыбай чемпионды арнайы қабылдап, жеңісімен құттықтады. «Әлемде еліміздің көк байрағын биікке көтеріп, чемпион болғаның құтты болсын. Ауданымыздан джиу-джитсу комбат спортынан тұңғыш рет чемпион болып отырсыз. Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Алдағы уақытта бұдан да биік шыңдарды бағындыра беріңіз» - деді Қ.Жолдыбай.
Сондай-ақ, осы күні Әлем чемпионын аудандық мәслихат хатшысы, атақты спортшы Арман Қарсыбаев та арнайы қабылдап, құрмет көрсетті. Құттықтаулар барысында чемпионға Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.