Таяуда Түркістан облысы бойынша ауыр атлетика федерациясының президенті, Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай ауыр атлетика спортынан 2022 жылы ел чемпионаттарында топ жарған 8 спортшыны және олардың жаттықтырушыларын марапаттады. Чемпиондарға арнайы Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады. Сондай-ақ, ауыр атлеттерге олимпиадалық стандартқа сай «Eleiko» зілтемірін сыйға тартты.

«Бүгінгі таңда ауданымыздың барлық спорт түрлері қарыштап дамып келеді.

Шардараны әлем қол күрес арқылы таниды. Ал сіздер даңғыл жолға қадам басып, міне ел ішіндегі чемпионаттарды жеңіп отырсыздар. Бұл өте жоғары көрсеткіш деп білемін. Өздеріңіздей спортшылар мен жаттықтырушылардың қажырлы еңбегінің арқасында ауданымыздың мерейі үстем болуда. Сіздерге өзімнің шынайы алғысымды білдіремін және сіздермен мақтанамын. Ауыр атлетика спортынан әлемді бағындырып, Шардараны шартарапқа таныта берулеріңізге тілектеспін» – деді Қ.Жолдыбай.

Ауыр атлетика спортынан 2022 жылғы  ҚР чемпиондары атанған жерлестеріміз: Амангелді Даулет Бейсенбекұлы (102 кг), Тұрғанбай Әлішер Серiкбайұлы (55 кг), Арапбай Нұрасыл Нұржанұлы (67 кг), Арапбай Жанасыл Нұржанұлы (55 кг), Ирсали Нұрмұхаммед Сапарғалиұлы (67 кг), Қойбағар Нұрдаулет Әділбекұлы (33 кг), Бахтер Нұржан Наврузұлы (49 кг), Асылбекова Ұлжан Талғатқызы (32 кг). Жаттықтырушылары – Көбеев Асхат Жомартұлы мен Өскенбаев Талғат Камилбекұлы.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.