Жуырда Шардара аудандық тiркеу және жер кадастр бөлiмiнiң басшысы болып Ғалымжан Серікұлы Асылбеков тағайындалды.
Ғ.Асылбеков 2012-2014 жылдары Шардара аудандық құрылыс бөлімінің нұсқаушысы, 2014-2016 жылдары Шардара аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы, 2016 жылдан бүгінгі күнге дейін «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының Шардара аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.
Сондай-ақ, 2021 жылдан бастап Шардара аудандық мәслихатының VII шақырылымының депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі және мемлекеттік құқық, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, депутаттық өкілеттік, депутаттық этика және марапаттау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы.
Ғалымжан Серікұлының жаңа қызметіне табыс тілейміз!
«Өскен өңір» – ақпарат.