Шардара орман және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi қаладағы тұрмысы нашар, аз қамтамасыз етiлген отбасылар
мен мүмкiндiгi шектеулi жандарға, жалғыз басты аналарға демеушiлiк жасап, қайырымдылық шараларын өткiзудi өздерiнiң борышы деп санайды.
Осындай iс-шара мекеменiң заңгерi Умирзақов Сапардың ұйымдастыруымен өттi. Көпбалалы отбасында мүмкiндiгi шектеулi жандары бар Сәрсенкүл Байырбекова, Гауһар Қожамбаева, Маржан Асабаева, он балалы, жалғыз басты ана Маржан Тастанова және мүмкiндiгi шектеулi азаматтар Ермахан Үсенбаев пен Еркiмбек Мейiрбековтердiң әрқайсысына мотороллерге тиелген құрғақ отын үлестiрiлдi. Осындай қамқорлық отанымызға жаңадан көшiп келiп, әле құжаттары түгелденбей жатқан Алия Ожановаға да көрсетiлдi.
– Мұндай қамқорлық қыс бойы алдағы кезде де өз жалғасын табады. Орманшыларымыз қамкөңiл жандарымыздың үйлерiнiң жылы, көңiлдерiнiң көтерiңкi болуы үшiн осындай қамқорлықты бiрнеше жылдан берi қолға алып, ұйымдастырып келедi, – дейдi қала әкiмiнiң әлеуметтiк сала қызметкерi Гүлвира Құрманбек.
Құрғақ отынға ие болған жандардың орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесiне деген алғыстары шексiз.
Өз тiлiшiмiзден.