Құрметті шардаралықтар!
Баршаңызды 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұлы далада сан ғасырлық қоғамдық құбылыстарды басынан өткізген халқымыздың басынан өткен тарихи оқиғалар ізсіз кеткен жоқ.
Сол соқпақты жолды жүріп өткен бабаларымыз талай ғасыр азаттықты аңсап өтсе де, рухы мықты, өр халық намысын ешкімге таптатпады.
Ежелден халық болып бірігуді, ел болып қалануды, еркіндікті аңсаған халықтың арманы 1991 жылы жүзеге асты. Егеменді ел болып тәуелсіздік алғанымызға да 31 жыл толып отыр. Бүгінгі таңда Қазақстан жаңа саяси өзгерістерге нық қадам басып, жаңа асулар мен белестерді бағындыруда.
Тәуелсіздік күні – бар ғұмырын бостандық үшін күреске арнаған боздақтардың жанкешті еңбегі мен ерен ерлігін еске алатын қастерлі мереке. Азаттық жолында күрескен Алаш арыстары – Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов және тағы да басқа қайраткерлеріміздің бар арманы қазақ халқының тәуелсіздігіне қол жеткізу еді. Бүгінгі таңда Алаш арыстарының арман-тілегі орындалып, елдігіміз бекемделді.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары еліміздің шекарасы бекітіліп, халықаралық аренада мемлекетіміздің беделінің өсуіне бағытталған шаралар жүзеге асып келед.
Тәуелсіздік мерекесімен тұспа-тұс келетін Желтоқсан оқиғасына биыл 36 жыл толып отыр. Тәуелсіздікке тегеурін берген, ұлттық намыс пен оның болашақ тағдыры сынаққа түскен сол күндері, яғни 1986 жылы Алматы қаласында алаңға шыққан жастар ұлт рухын оята білген Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығаштары десек те болады. Азаттық пен ұлт тағдыры үшін күрес жолында қаза тапқан Қайрат Рысқұлбековтың, Ербол Сыпатаевтың, Ләззат Асанованың және де басқа да ұлт жанашырларының есімдері ешқашан ұмытылмайды.
Тәуелсіздік – халқымыздың мәңгілік құндылығы. Жер бетіндегі барлық халықтар үшін де тәуелсіздіктен биік мұрат жоқ. Еліміздің Тәуелсіздігі – ұлтымыздың ежелден еркіндік аңсаған асқақ рухының және ұлт тарихындағы барлық азаттық үшін болған күрестердің жемісі.
Құрметті жерлестер!
Сіздерді 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, еліміздің кемел келешегін нығайту жолындағы еңбектеріңізге табыс, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілейміз!
Аудан әкімі Қ.Жолдыбай.
Аудандық мәслихат хатшысы А.Қарсыбаев.